Қаллеки театрының «Қараш-Қараш» әлеуметтік драмасы 17 маусым күні сағат:16.00 Ә.Мәмбетовтің 85 жылдығына арналған «САХНАДАН СӘЛЕМ!»

БАСПАСӨЗ  ХАБАРЛАМАСЫ

Қаллеки театрының «Қараш-Қараш» әлеуметтік драмасы 17 маусым күні сағат:16.00 Ә.Мәмбетовтің 85 жылдығына арналған «САХНАДАН СӘЛЕМ!» V Халықаралық театр фестивалін қорытындылайды.

Елордада 12-17 маусым аралығында ұйымдастырылып отырған  әйгілі режиссер, Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтің 85 жылдығына арналатын «САХНАДАН СӘЛЕМ!» V Халықаралық театр фестивалінің бағдарламасы Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Әзірбайжан елдерінен жиналған жалпы 10 театрдың қойылымдарын қамтиды.

17 маусым күні сағат:16.00 Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры фестиваль сарапашылары қатарындағы драматург, өнертану кандидаты – Еркін Жуасбек, Қазақстанның халық артисі, театр және кино режиссері – Талғат Теменов, театртанушы, өнертану кандидаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Сания Кабдиева, өнертану докторы - Лаша Чхартишвили (Грузия, Тбилиси), ЮНЕСКО жанындағы театр сыншыларының халықаралық қауымдастығының мүшелері – театр сыншысы -  Нина Мазур (Германия) және өнертану докторы, профессор - Анжелина Рошка (Молдавия, Кишинов) сынды белгілі мамандар мен фестиваль қонақтары назарына «ҚАРАШ-ҚАРАШ» әлеуметтік драмасын ұсынып, «САХНАДАН СӘЛЕМ!» V Халықаралық театр фестивалін аяқтайды.

         «Қараш-Қараш» қойылымы М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі желісімен жазылған Қ.Ысқақтың «Таңғы жаңғырық» пьесасы негізінде  ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбековтің режиссерлігімен туындаған Қаллеки театры репертуарындағы маңызы зор спектакль.

                                                                                      М. Әуезов, Қ. Ысқақ      

«Қараш-Қараш»

/әлеуметтік драма/

        Қоюшы режиссері    Ә. Оразбеков,

        Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

       Қоюшы суретшісі    Ю. Нұрматов,

        Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері

        Музыкасын құрастырғандар  – Қ. Тоқымбетов, О. Жақыпбек

        Киім үлгісінің суретшісі – Ш. Елембаева

        Дыбыс режиссері  Г. Әминова

        Режиссердің ассистенті – Н. Өтеуілов

        Режиссердің көмекшісі – А. Амантауова

Бүгінге дейін күрделі тақырып «жер» мәселесі қойылымның күретамыры. Жерді сатқаның – отанды сатқаның. Ата-бабадан қалған аруақты даланы сақтап қалу әр қазақтың адами парызы.  Елін-жұртын ойлап, күн кешкен екі азаматтың достығы, туған жерге деген үлкен махаббатықойылым барысында  көрініс табады. Жарасбай ойдың адамы, Бақтығұл істің адамы. Осы екі ұғым бірін-бірі түсінуде сәл жаңсақтық жіберсе, «сатқындық» дейтін жау тұтқиылдан шабуыл жасап, «адал достықтың» орнын алмастырады.

Премьерасы 2015 жылдың 4-5 қарашасында өтті.

                        Управление культуры г.Астана