ҚАЛЛЕКИ театрының «ШИЕ» комедиясы Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестиваліне қатысады

ҚАЛЛЕКИ театрының «ШИЕ» комедиясы Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестиваліне қатысады

Астана қалалық Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-9 күндері аралығында Татарстан Республикасының Қазан қаласында өтетін Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестиваліне  А.Чеховтің «ШИЕ» комедиясымен қатысады.

Фестиваль бағдарламасында Ресей, Қазақстан, Эстония, Башқұртстан, Алтай, Қабарда-Балқария, Тыва, Хакасия, Якутия елдерінің ең үздік 18 театр қойылымдары ұсынылады. Еліміздің атынан Қаллеки театры «Шие» комедиясын 6 маусым күні  сағат:18.30  К.Тинчурин атындағы Татар Мемлекеттік драма және комедия театрында сахналайды.

2016 жылдың үздік спектаклі атанған «Шие» комедиясы аталмыш шараға қатысуға шақыртуды  "Қазақстан - Еуразия жүрегі" атты VI Орта Азия мемлекеттері театрларының Халықаралық фестивалінде алды.

Спектакльдің режиссері: Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері -  Сергей Потапов. Спектакльдің бас суретшісі – Берік Бурбаев. Киім үлгісінің суретшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дизайнер, этнолог – Ханум Айдаш.

Жетістіктері:

-          2016 жылдың 24-27 қазан күндері аралығында Талдықорған қаласында өткен "Қазақстан - Еуразия жүрегі" атты VI Орта Азия мемлекеттері театрларының Халықаралық фестивалінде «ГРАН-ПРИ» жүлдесіне ие болды;

-          2016 жылдың 12-16 қыркүйегі аралығында Ақтөбе қаласында

өткен Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық фестивалінен «ҮЗДІК СПЕКТАКЛЬ» номинациясы иегері атанды;

-          2017 жылдың  ақпан айының 27 мен наурыз айының 5

аралығында Челябі қаласында (Ресей)  өткен «CHELoBEK ТЕАТРА»  V Халықаралық кіші форм театр фестиваліне қатысып, халықаралық театр сарапшыларының жоғары бағасын алды;

Шығармашылық құрамға сәттілік тілейміз!

                        Управление культуры г.Астана